Бұл жай ғана ұялар емес, бұл «Салангани»!

«Ғажайып дәм иесі» конкурсының финалы

Жуырда біздің компанияның кеңсесінде «Ғажайып дәм иесі» конкурсының финалы өтті. Сіздер жыл бойы бізге жіберген рецепттер ішінен ең үздігін 2 аспазшы және 10 тәуелсіз сарапшылардан құралған комиссия мүшелері кезекпен-кезек бағалау жүргізді. Дәмі алынған тағамдардың барлығы біздің әділқазыларды таңқалдырды. Дегенмен, сарапшылық бағалау нәтижелері бойынша ерекше әсер қалдырған «Алма мен қара өрік қосылған Salangani», «Түйетабан және шпинат қосылған Salangani» және «Salangani Лағман» рецепттері болды. Бұл рецепттер әзірлеу жылдамдығы, энергетикалық құндылығы, үнемділігі, бірегейлігі және әрине, дәм сапасы жағынан көшбасшылар қатарынан табылды.

Осы жолы жеңіске қол жеткізбегендерге айтарымыз, жабырқамаңыздар! Конкурс финалына қатысушы барлық таңдаулы рецепттер авторларын біз сыйлыққа сәнді ыңғайлы ас үй топтамасы мен жеңімпаздар дипломдарын ұсынамыз!


Финалға шыққан қатысушылар тізімі:

1. Наурыз: Назгүл Рахымжанова, Өскемен қ., «Тұздалған орамжапырақ пен шырынды ананас қосылған Salangani»;
2. Сәуір: Айнұр Байзуллина, Алматы қ., «Бауыр қосылған Salangani»;
3. Мамыр: Инна Шевцова, Атырау қ., «Тауық төс еті қосылған Salangani»;
4. Маусым: Ольга Савченко, Орал қ., «Картоп пен саңырауқұлақ қосылған Salangani»;
5. Шілде: Анна Армашева, Тараз қ., «Көкөністі Рагу Salangani»;
6. Тамыз: Артем мен Олеся Селезневтар, Тараз қ., «Salangani Лағман»;
7. Қыркүйек: Лейла Полатбаева, Қызылорда қ., «Теңіз тілі қосылған Salangani»;
8. Қазан: Тахмина Хұдайбергенова, Тараз қ., «Алма және қара өрік қосылған Salangani»;
9. Қараша: Ирина Рожкова, Алматы қ., «Қарақұмық және фарш қосылған Salangani»;
10. Желтоқсан: Назгүл Рахымжанова, Өскемен қ., «Түйетабан мен шпинат қосылған Salangani».   

3 орын

Құрметті 3 – орынды өздерінің өзгеше «Salangani Лағман» рецептімен Тараз қаласынан Артем мен Олеся Селезневтар иеленді. Артем мен Олеся тамаша салмадан бөлек біздің сарапшыларға бірегей қуырма ұсынды, онсыз тағам дәмі тіл үйірілердей болмас еді. Осындай тапқырлықтары үшін Артем мен Олесяға конкурс финалында 50 000 теңге мен 3 – орын тағайындалды.   

 

2 орын

Біздің ғажайып дәм иесі конкурсы финалында 2-орынды «Түйетабан және шпинат қосылған Salangani» балықты рецепті үшін Өскемен қаласынан Назгүл Рахымжанова сенімді түрде иеленді. Назгүл сонау 2007 жылы «Ғажайып дәм иесі» конкурсының қатысушысы болған, бірақ 2013 жылы ол үш рет ерекше қуанышқа бөленді. Алдымен оның екі рецепті 2013 ж көпшілік пайдалану даусымен наурыз бен желтоқсан айларының үздік тағамдар атанды. Ал биылғы көктемнің ортасында Назгүл өз рецептімен екінші орын мен 75 000 ақшалай сыйлықты ұтып алды! Назгүлді құттықтаймыз!   

 

 

1 орын

2013 жыл қазан айында Тахмина Хұдайбергенованың «Алма мен қара өрік қосылған Salangani» рецепті сол айдың жүлдегері аталғанда біз еш таңқалған жоқпыз. Біздің кеңсенің бірнеше қызметкерінің ол сүйікті тағамына айналды. Тәуелсіз сарапшылар оны қалай бағалайды екен деп күтуде едік, себебі сарапшыға тағамды ұсынған сәтте оның реттік нөмірінен басқа ол ешнәрсе білмейді ғой. Қортындылай келе сарапшылар бірауыздан «Ғажайып дәм иесі» конкурсында  «Алма мен қара өрік қосылған Salangani» ең таңдаулы рецепт атанып, Тахмина біздің құттықтауымыз бен 100 000 теңге ақшалай сыйлық қабылдайды! Рахмет, өте дәмді болды!

 

 

Мой Мир l Одноклассники l ВКонтакте l Facebook l Twitter

Сөз, логотип, «Salangani» және «Салангани» өнімі, сонымен қатар сайттың қаптаманың, жарнама материалдарының дизайн элементтері тіркелген тауар белгілері болып табылады, патенттік және авторлық құқық арқылы қорғалады.
© Барлық құқықтар қорғалған. 2014 ж.
ZERO.kz